Четверг, 28 ноября, 2024

Үкімет Астана күніне орай 1 шілде сенбі күнгі демалысты 7 шілдеге ауыстырды

ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды.

ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған