Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, онда Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселелері талқыланды.
Жиында айтылғандай, IPO жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс.
Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.
Еске сала кетейік, IPO (Initial Public Offering) – инвестиция тарту мақсатында компания акцияларын қор биржасында бастапқы орналастыру. IPO-ға шыққан компания ашық айналымға акцияларын шығарады, оларды институционалды инвесторлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.
ARDA-Aqparat