«Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Әкімдік дерегінше, Ұлан Ғалымұлы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исбаевтың өкімімен жаңа лауазымға тағайындалып, қызметіне кірісті.
Айта кетсек, бұл уақытқа дейін қазақстандық палуан Алматы облысы Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келген.
Еске сала кетейік, Ұлан Рысқұл – 2011 жылы ұйымдастырылған «Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы және казақ күресінен күміс кубок иегері.