Четверг, 28 ноября, 2024

Ұлттық банк ақша аударымдары бойынша алаяқтық әрекеттің көбейгенін хабарлады

Ұлттық банк ел тұрғындарына ақша аударымдары бойынша алаяқтық әрекеттің көбейгенін хабарлады. Әрі алданып қалмауды ескертуде, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Елдегі ақша аударымдарына байланысты алаяқтық әрекеттің көбейгенін бас қаржы институты ресми сайтында жазды. Ақпаратта жеке және заңды тұлғалар Ұлттық Банкке шетел валютасымен ақша алуға жәрдем көрсетуді сұрап, өтінішпен жүгініп жататыны жазылған.

“Десе де мұндай өтініштерге жалған төлем құжаттары (соның ішінде SWIFT форматында) және есепте жоқ шоттар мен ақша аударымдарын растайтын шарттар қоса беріледі. Назар аударуды сұраймыз, Ұлттық Банк орталық банкі саналады және ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінде жоғарғы (бірінші) деңгейді білдіреді. Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және ҚР резидент, бейрезидент тұрғындарына ақша аудармайды”, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк SWIFT арқылы клиент төлемдеріне қызмет көрсету процесіне қатыспайтыны және SWIFT арқылы операция жүргізуге рұқсат бермейтініне де тоқталады.

“Ұлттық Банк жекелеген валюталық шарттарға валюта операциялары бойынша деректерді жинау мақсатында ғана есептік нөмірлерді тіркейтінін хабарлаймыз. Бұл рәсім рұқсат ету, санкция салу немесе мақұлдау қызметін атқармайды. Есептік нөмірді Ұлттық Банк реттеуші тарапынан қандай да бір міндеттемесіз береді және оның болуы келісім бойынша ақша түскенін не жөнелтілгенін білдірмейді. Бұл ретте нөмір беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тұлғаларды жауапкершіліктен босатпайды”, – дейді хабарламада бас қаржы институты.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған