Конкурс нәтижесі бойынша бір күн бұрын бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы тұрғындардың қызу пікірталасынан кейін қайта таңдалатын болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Облыс төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды», — делінген Ұлытау облысы әкімдігінің Facebook-парақшасында.