Среда, 27 ноября, 2024

Үшінші сынып оқушысы Мемлекет басшысына өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйлады

Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйға тартты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Мен кездесуге де кешігіп қалдым, дәретханада болған едім. Мынау сізге сыйлық, үстелге арналған органайзер. Парта үсті үнемі мектеп заттарымен былығып жатады. соларға алаңдап, үлгермей қаласың. Әкем екеуіміз барлық сыныпқа арналған осындай органайзердің жобасын жасадық. Оны өзім басып шығардым», — деді Сәлім Көпеев.

Президент жас өнертапқыштың сыйлығын ризашылықпен қабылдап, оған сәттілік тіледі.

«Жақсы жұмыс істедің», — деген Қасым-Жомарт Тоқаев оқушымен бірге естелік суретке түсті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған