Четверг, 28 ноября, 2024

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың соты 21 желтоқсанда басталады

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты вайнерлердің ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Алғашқы сот отырысы Алмалы ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында 21 желтоқсан күні сағат 15:00-де өтеді»,- делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын.

Қаржы пирамидасы ісі бойынша А. Ораз пен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған