Четверг, 28 ноября, 2024

Венгриялық қыз қазақ тілін үйрену үшін Қазақстанға көшіп келген

Венгриялық Богларка Фехер Қазақстанға қазақ тілін үйреніп, қобыз тартуды меңгеру үшін келген. Бүгінде ол Түркістан қаласында тұрып жатыр, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Менің ұстазым — Ерасыл Қауымбаев. Сонымен қатар, ол маған домбыра тартуды үйретіп жүр. Мен елге көшіп келгенде домбыра тартуды үйреніп кетемін деп ойламадым. Бірақ үйреніп жүргеніме қуаныштымын», — дейді венгриялық ару.

Ол қобызға 2014 жылдан бері қызыға бастаған, оған себеп — «Тұран» ансамблінің өнер көрсетуі болған екен.

«Сол кезден бастап қазақ мәдениетіне ғашықпын. Өз елімде ансамбль құрамында болдым, маған қобыз сыйға берілген болатын. Бұл аспапты тез үйреніп кеттім», — дейді шетелдік қыз.

Богларка Фехер қазақ тілін жақсы меңгерген, ағылшын, неміс, орыс және түрік тілдерін де жақсы меңгерген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған