Четверг, 28 ноября, 2024

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі жайында жаңа кітап жарық көрді

22 желтоқсанда «Алматыкітап» баспасынан Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі жайында «Даланың таза бұлағы» кітабы жарық көрді. Кітап мұрағат, мұражай және экспедиция зерттеулерінің материалдарына негізделіп жазылған, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Экспедициялық топ Ресей және Қазақстан аумағында мұражайларынан фотосуреттер мен видеодеректерге қол жеткізген.

Кітап ішіне орналастырылған QR код көмегімен деректі фильм, сондай-ақ аудиоиллюстрация ретінде танысуға, Ы. Алтынсарин мұражайына сапар шегуге мүмкіндік те бар.

Туынды Алматы қаласында өткен «Ұлы Жібек жолымен-2022» халықаралық көрмесі аясында «Жылдың үздік кітабы» номинациясы бойынша гран-приді де иеленді.

Сөз басын баспа президенті – Гаухар Айтжанқызы Саймасаева алды.

«Кітапты тың материалдармен толықтыру үшін оған лайықты фотосуреттер, видеолар керек болды. Сол үшін біздің Алматыкітап баспасынан арнайы экспедециялық топ құрылды. Олар Алтынсариннің туған жері Арқалықтан бастан, Торғай, Қостанай, тіптен сонау Ресейдегі Троицк жеріне дейін барып, эксклюзивті материалдарды жинады. Оның бәрі осы кітапқа енгізілді», — деген ол туындының шығу тарихына шолу жасап, келген қонақтарға алғысын айтты.

Айтулы шараға ҚР Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ы.Алтынсарин жайында жазылған «Алтынсарин алауы» атты төрт бөлімді тарихи романның авторы Нұрдәулет Ақыш, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы, журналист Ертай Айғалиұлы, «Білімді ел» газетінің жетекшісі Ляззат Туркестанова сынды ел руханиятына еңбек сіңірген тұлғалар мен кітап ісінің дамуына үлес қосып жүрген жайсаң жандар жиналды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған