Ыстықкөл жағажайындағы Чолпон-Ата қаласында гидроцикл (су скутері) екі адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, оқиға салдарынан зардап шеккен қыз бен жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
«Тағы бір зардап шеккен қыз хирургия бөлімінде, оның миы шайқалған. Қазір жағдайы тұрақты», — деді Денсаулық сақтау министрлігі.