Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен кездесті.
Ю.Путинцева 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 3 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 1 эйспен ғана шектелді.
Ю.Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 77-ракеткасы испаниялық Нурия Парризас-Диаспен таласады.