Өткен жылдан бастап көзі көрмейтін әнші Кенжебек Нұрдолдай желіде танымал болған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Аз уақыттың ішінде жас жігіт ТМД елдерін бағындырды. Енді осы әнші шаңырақ көтеріп, үйлену тойын өткізді.
Салтанатты іс-шарадан естелікті әншінің досы Әміре әлеуметтік желіде бөлісті. Ол «Қыздар-ау» хитына билеп жатқан жас жұбайлардың биін салған.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншіні жаңа өмірге қадам басуымен құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі.
«Нағыз азамат!» «Жарайсың!» «Өте ашық, мейірімді жан екен!» «Бақытты бол, Кенжебек!» «Жастарға бақыт тілеймін!» «Өте әдемі жұп», — деп жазып жатыр оқырмандар.
Кенжебектің Ақмола облысының Ерейментау қаласының тумасы екені белгілі. Бірақ өзі Қарағандыда өскен. Ал әнге деген қызығушылығы бала кезінен байқалған.