Четверг, 28 ноября, 2024

Жамбыл облысында 5 жасар қызды алмамен алдап, қолындағы телефонын алып кеткен 80 жастағы қария ұсталды

Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар бүлдіршіннің ұялы телефонын алып кеткен. Ол кішкентай қызды алмамен алдапты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

80 жастағы қарияның әрекетін Ішкі істер министрлігі жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға Байзақ ауданында болған. Полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданады. Арызда әйел белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған.

Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқылы алмаға айырбастап алған.

Көп ұзамай 80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған