Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылғанын әшкереледі.
«Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу енгізіп, сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған.
Осы дерек бойынша облыстық прокуратура тергеп-тексеруге кірісті.
Бір күдікті қамауға алынған, екіншісі үйқамақта.
ARDA-Aqparat