Среда, 27 ноября, 2024

Жамбыл облысында Қайрат Нұртас мінген көлік жол ережесін бұзды

Әлеуметтік желідегі арналардың бірінде танымал әнші Қайрат Нұртас жол ережесін өрескел бұзғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Тағы да мәдениет жаңалықтары. Халық әншісі Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік жүргізу құқығынан айыратындай жол қозғалыс ережесін өрескел бұзды. Жүрген жеріне міндетті түрде зақым келтіретін пенде екен», — делінген жазбада.

Бұған дейін Қайрат Нұртас дәл осы көлікпен әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сурет-видео жариялаған болатын.

Бұл оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Полиция мәліметінше, оқиға 25 тамызда тіркелген, ал көлік тізгінінде әншінің жүргізушісі болған.

«Бұл дерек Қордай ауданы «Алматы-Ташкент» тасжолының 215-шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынды», — делінген полиция хабарламасында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған