Пятница, 29 ноября, 2024

Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жантүршігерлік жарылыс болып, екі қызметкер оңбай күйіп қалған

Жаңа Жамбыл фосфор зауытында екі жұмысшы химиялық күйік алды. Зауыт Нұрлан Нығматуллиннің ұлдарының басқаруындағы «Қазфосфат» ЖШС құрамына енеді,деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Оқиға туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында мәлімдеді.

«3 тамызда Тараздағы «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС аумағында төтенше жағдай орын алды. Екі адам химиялық күйік алды», – деп жазды ол.

KazTag басылымының мәліметінше қазіргі таңда жұмысшылар ауруханаға жатқызылды. Екеуі де жансақтау бөлімінде.

«Сары фосфорға күйіп қалған. Біреуі күйік бөлімінде, екіншісінің жағдайы ауыр. Денесінің 20%-ын күйік шалған. Бірақ фосфорға күйіп қалған, ал фосфор сүйекке дейін жеп қоюы мүмкін», – делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған