Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді алып мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады.
«Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық «вейп» табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңгені құрады», — делінген агенттік хабарламасында.
Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылатын болды.