Вторник, 26 ноября, 2024

Жамбылда кафе әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Жамбыл облысында 50 жастағы әйел притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Stop traffic» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру кезінде клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметтерін ұсынған кафелерді анықтады.

Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті ретінде ұсталды. 50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды, — деп мәлім етті ПД өкілі.

Айта кетейік, притон анықталған жерден қолма-қол ақша және ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған