Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ресми мәліметтерге қарағанда, Тея атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, ұсталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің шатырынан жалпы салмағы 9 келі 13 гр болатын кептірілген марихуана табылды.
Ұсталған адам кінәсін мойындады.
«ҚК 296-бабының 4-бөлігімен «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» және 297-бабының 3- бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады басқарма бастығы Әлім Бажықбаев.