Вторник, 26 ноября, 2024

Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар бақылауға алынады

Жаңа жылдан бастап мобильді аударымды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Егер айына бір шотқа жүзден астам аударым жасалса және осындай көрсеткіш үш ай қатарынан қайталанса, Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғадан салық талап етуге құқылы.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, әзірге бұл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайының шотына түскен ақшаға қатысты. Ал екінші кезеңге квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді.

2025 жылы үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдарын бақылайды.

2026 жылдан бастап барлық қазақстандықтың ақшалай аударымы туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі.

Мемлекет кірістері комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов: «Таксистер бар бізде, Yandex, InDriver, Uber, қосымша тағы басқа өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жатқан адамдар бар. Осы платформалармен біз қазіргі күні келісімге келіп жатырмыз. Алынатын ақша, бәрі қандай бақылауда болады. Платформалардың жүйесі арқылы өтетін болады. Сол кезде қаншама табысы бар, платформа өзі санап, салығын біздің органға, бюджетке аударып отырады. Салық төлеуші оны білмейді, оған қолайсыздық тудырмайды», – дейді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған