Четверг, 28 ноября, 2024

Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды – прокуратура

Жаңаөзенде екі қабатты тұрғынүйде болған жарылыстың себебі анықталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Облыстық прокуратура хабарлағандай, көппәтерлі үйдегі жарылысқа газдың жылыстап ағуы себеп болған.

«17 сәуір 2023 жылы сағат 04:05 шамасында Жаңаөзен қаласы, Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың ағуы салдарынан жарылыс болды. Осы факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша ТЖД-мен ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазір аталған іс бойынша облыс прокуратурасымен процестік прокурорлар тобы айқындалып, облыстық ТЖД және ПД басшыларының бірлескен бұйрығы негізінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған