Актриса Жанар Айжановадан белігісіз оқырманды 8 млн теңгені қарызға сұраған. Өнер иесі үй алуға ақша сұраған бейтаныс келіншекке Instagram желісінде жауап қайтарды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Оқырмандардың бірі әншіге әлеуметтік желіде жекесіне хат жазып, үй алу үшін ақша сұрап, телефон нөмірін қалдырған.
«Сәлеметсіз бе? Үй алуға ақшам жетпей тұр. Қарызға 8 миллион бере аласыз ба? Қайтарып беремін. Нотариус арқылы шешіп беремін. Оралдан үй алғым келіп еді, көпбалалымын. Көмектесесіз бе, Жанар ханым? Қарызға ақша берсеңіз, сізді мақтан етіп жүремін. Банк карточкам осы нөмірге тіркелген», — деп жазған бейтаныс келіншек.
Ал Жанар Айжанова оқырманына өзіне де ақшаның тек еңбекпен келіп жатқанын жеткізді.
«Осындай адамдарға таңқаламын. Маған ақша аспаннан жауып жатқан сияқты. Үй алса, маған міндет пе? Танымаймын мүлдем. Ұят деген болу керек қой», — деп жазды актриса.