Понедельник, 25 ноября, 2024

Жаңатаста 10 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Жаңатаста 10 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Жамбыл облысының полиция департаменті Жаңатас қаласындағы “Қазфосфат” ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетiн анықтап, тосқауыл қойды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.

Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ ЖЖМ тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған