Орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек алдында көз рарбасты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
WBO белдігі сарапқа салынатын айқас АҚШ-тың Стоктон қаласында Қазақстан уақытымен 14 мамыр күні 07:00-де басталады.
Канадалық былғары қолғап шебері жасының 27-де екенін айтып, бұл айқаста бокс әлемін таңғалдыруға дайын екенін тілге тиек етті.
Әлемді таңырқатқым келеді, — деді ол.
Әлімханұлы қарсыласының бұл сөздеріне түсіністік танытып, өзіне соққысын да дарытай алмайтынын тілге тиек етті.
Ол ойындағысын айтып отыр ғой. Нокаутқа келер болсақ, білмеймін… оған соққысын дарыту да қиын болады, — деді Жәнібек.
Бұл жекпе-жекте Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші рет әлем чемпионы атағын қорғайды.
No backing down here ⚔️@QazaqStyle x #JanibekButler pic.twitter.com/QBed9QtGVd
— Top Rank Boxing (@trboxing) May 11, 2023