Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
BoxRec мәліметінше, Тұраровтың кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі бұрын айтылғандай 18 наурыз емес, 21 наурызда Алматыда өтеді.
Жанқоштың қарсыласы — Алехандро Менесес (16-5, 9 КО), мексикалық боксшы IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді қорғайды. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.
Еске салайық, Тұраров желтоқсанда Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде венесуэлалық Луис Энрике Ромеро (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта аяқтап, бос қалған IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алған болатын.
Алехандро Менесес кейінгі рет былтыр сәуірде Ливерпульде ұлыбританиялық Сэм Максвеллді (16-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBO белбеуін жеңіп алған болатын.