«Голос. Дети» байқауында көзге түскен қазақстандық жас әнші Ержан Максим тағы бір байқаудың гран-приін ұтып алды. Ол кезекті жеңісі туралы Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Ең әуелі Аллаға шүкіршілік айтамын және бар дұға-тілектерін жаудырып жатқан еліме ерекше алғысымды білдіремін. Мен «WAF AWARDS» премиясына және «WAF CONTEST» байқауына қатысып, гран-приді жеңіп алдым. Осы «WAF AWARDS» жүлдесіне әлемнің түкпір түкпірінен 12 бала таңдалыпты. Соның ішінде мен де шақырту алдым. Жарысқа 16 елден 32 бала келіпті. Алғашында «байқауға қатысамын» деп ойлаған жоқпын. Осы жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын және көк туымыз көкте, әлемде желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, жеңістерге, биіктерге көтеріле берейік», — деп жазды Ержан Максим.
Ал желі қолданушылары жас өнерпазды кезекті жеңісімен құттықтады. «Құттықтаймын», «Жарайсың», «Қазақ елінің мақтанышы», «Көк туымызды желбірете бер», «Тіл-көзден аман бол», «Нағыз дарынсың», — деп жазды желідегілер. Т