Пятница, 29 ноября, 2024

«Жас бай менің теңім емес»: Меруерт Түсіпбаева қашан тұрмысқа шығатынын айтты

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Балам негізі ашылып әңгіме айта бермейді. Нағыз еркек мінезді, танымал болғанды да мүлдем қаламайды. Сондықтан екеуміздің арамызда ашылып айтатын әңгімеміз көп емес. Жақында: “Мама, қашан тұрмысқа шығасыз?” – деді. Шетелде жүргендіктен бе, бұл жағдай оны алаңдатады, сеземін. Мен сөз таппай қалдым, сосын біраз үнсіздіктен кейін: “60-қа келгенде” дедім. Балам ойлы көзбен маған бір қарап (түңілгендей): “Ол тым кеш қой” деді. “Ұялған тек тұрмас” деген. “Неге? Қарашы, Роза Қуанышқызы қалай жас көрінеді”, – дедім. Жауабым балама ұнамады білемін. Сонымен, бұл тақырып жылы жабылды. Бұл жер бетінде менімен кәрілікті дәл осылай бөлісетін адам табылар деп сенемін”, – деп ұлымен болған әңгімесімен бөлісті өнер иесі.

Сондай-ақ әншінің жеке өміріне алаңдаушылық білдірген оқырман да бар екен. Меруерт Түсіпбаева тыңдарманның сауалдарын назардан тыс қалдырмады.

“Сізге күйеу болатын адамның жүрегінің түгі болу керек шығар” деген пікірмен әнші: “Иә оныңыз рас” деп келіскенде болды. “Алла бұйырса, бір жігіттің бағы болайын деп тұрсыз” деген оқырманға ол: “Жігіт демеңіз, жас бай менің теңім емес. Маған 8-9 жас үлкен азамат керек”, – деп жауап берді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған