Қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың жұбайы Бәшен Баймұратқызы өмірден өтті. Бұл жайлы жазушының қызы Самал Соқпақбаева Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Бүгін түнде анам өмірден өтті», — деп жазды жазушының қызы.
Сондай-ақ бұл хабарды Жанарбек Әшімжан да Facebook желісінде растап, жазушының жақындарына көңіл айтты.
«Классик жазушы Бердібек Соқпақбаев атамыздың жары Бәшен апамыздың мезгіл сағаты соққан екен. Иманды болсын», — деп жазды Жанарбек Әшімжан.