Среда, 27 ноября, 2024

Жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға қанша сыйақы төленеді

Жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға қанша сыйақы төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, сыйақы мөлшері 15 қыркүйектен бастап жарамды.

  • Жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК, 103 500 тг.
  • Ауыр емес жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, 138 мың тг.
  • Орташа ауырлықтағы жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша– 50 АЕК, 172 500 тг.
  • Ауыр жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК, 241 500 тг.
  • Аса ауыр жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша– 100 АЕК, 345 мың тг.

Егер пара сомасы 3 млн 450 мың теңгеден асатын болса, онда хабарлама авторына оның тек 10%-і ғана, бірақ 4 000 АЕК-тен, яғни 13 млн 800 мың теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған