Суббота, 30 ноября, 2024

Жеңіс күніне орай 1,5 млн теңгеден беріледі

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Жеңіс күні қанша алатыны белгілі болды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада 58 ардагер тұратынын айтты.

«9 мамыр — баршамыз үшін қасиетті мереке. Иә, өкінішке қарай, жыл өткен сайын батырларымыз азайып барады. Соңғы мәлімет бойынша Алматыда 58 ардагер тұрады. Олардың бәрі мерекелерін аман-есен қарсы алып, мерекені тойлауын қалаймын. Көмекке келетін болсақ, қаражат қарастырылған, біз Ұлы Отан соғысының әр ардагеріне бір миллион теңгеден төлеуді жоспарлағанбыз. Ертең мәслихаттың отырысы болады, мен депутаттарға 1,5 миллион теңге төлеу үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым.

Сондай-ақ, ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және т.б. материалдық көмек көрсетеміз. 9 мамырда дәстүр бойынша 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа гүл шоқтары қойылып, мерекелік концерт өтеді. Қаланың барлық ауданында ардагерлерімізге құрмет көрсетіледі.

Мерекеге жеке қатыса алмайтын ардагерлерге ерекше көңіл бөлеміз, аудан әкімдері және мен бәрін аралап, жеке құттықтаймыз», — деді Досаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған