Пятница, 29 ноября, 2024

Жетісу облысында сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, тірі қалды

Текелі қаласында үйде үлкендердің қарауынсыз қалған сегіз жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен полиэтилен пакет пайдаланып секіріп кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Жетісу облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, аталған оқиға 25 сәуір күні сағат 12:20 шамасында болғанын хабарлады.

Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты. Талдықорған қаласының облыстық ауруханасында. Кейін белгілі болғандай, баланың жерге жай құлауына ағаш бұтақтары ықпал еткен, — деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған