Жетіcу облысында жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 14 наурызда Алматы – Өскемен тасжолында болған.
«Кербұлақ ауданында Toyota Carina және JAC N80 автомашиналары соқтығысқан. Алдын ала анықталғандай, Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы – Өскемен трассасының 159-шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауды соғып, инерция бойынша бір бағытта кетіп бара жатқан шағын литражды JAC жүк көлігімен соқтығысқан. Жапон иномаркасында болған 68 жастағы әйел қаза тапты», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.