Понедельник, 25 ноября, 2024

Жұмыс берушінің шығыны көбейеді

Қазір әр жұмыс істейтін адамнан мемлекетке бірнеше төлем түседі. Олар: міндетті зейнетақы жарнасы, жеке табыс салығы, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударым, әлеуметтік салық. Бұлар қызметкердің жалақысынан төленеді делінгенімен, сайып келгенде, жұмыс берушінің мойнына артылатын жүк. Әсіресе, жеке кәсіппен айналысатындарға әжептәуір салмақ. Мәселен, қызметкерге қолына тиетін жалақы мөлшері 150 мың теңге десек, оның үстіндегі жүктемесі отыз мыңнан асып жығылады. Шығынды азайтамын деп, жалақының бір бөлігін конвертке салып беру деген осыдан шығады. Кәсіпкерлер тарапынан бұл бұрыннан айтылып жүрген мәселе.

Енді келесі жылдан бастап әлгі төлемдердің үстіне жұмыс беруші тарапынан төленуі тиіс міндетті зейнетақы жарнасы қосылайын деп отыр.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында кезең-кезеңімен 1,5%-дан 5%-ға дейін жұмыскерлерінің пайдасына аудару жоспарланған. Осылайша қызметкер жұмыс беруішінің есебінен қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілмек.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған