Понедельник, 25 ноября, 2024

Жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 азамат Westoil Software мекемесіне жұмысқа орналасты

Бүгін, 6 наурызда жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 адам WestoilSoftware компаниясына жұмысқа орналасты.
Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үміткер 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті.
«Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі, — деді Ақылбек Садуев.
Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті.

Ал жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылардың бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған