Среда, 27 ноября, 2024

Журналист ажырасқан әйелдерді «қоғамның соры» деп атады

Қазақстандық журналист Меруерт Әйтенова «Көреміз» бағдарламасында айтқан пікірі үшін сынның астында қалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Ажырасқан әйел — бақытсыз әйел, бақытсыз ана. Егер бәріміз жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ, не болады? Сендер, мына ажырасқан әйелдер, қоғамның сорысыңдар. Мен жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Олардың қасында отырғым келмейді. Мен сияқты млн-даған әйел бар. Отбасын ұстап, қандай күйеу болса да көніп отыр. Олар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді», деді Меруерт Әйтенова.

Ажырасқан әйелдерді қоқысқа теңегені үшін НеМолчиKZ қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі оны сотқа беруге шақырды.

Дина Таңсәрі әйелдерді қорлаған журналистің сөзіне шамданды.

«Бұл ханымның көздері ашу мен кекке толы, ал қарама-қарсы жақта көзінде оты жоқ, өмірден қажыған қыздар отыр. Бұл әйел келіп, мұндай айыптаулармен оларды одан сайын өшіруде”, – деді қоғам белсендісі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған