Четверг, 28 ноября, 2024

Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды

Парламент Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялайды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап өтінім берген жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды, — делінген хабарламада.

Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың Баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған