Вторник, 26 ноября, 2024

Жұртты сан соқтырған алаяқтар құрықталды

Полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алаяқтық үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтады.
Қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сату сылтауымен 112 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.
«Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арызбен жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта топтың үш мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған