Елімізде пәтер ұрлығы өршіп тұр. Бұл туралы ІІМ баспасөз брифингінде ІІМ КПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әсет Жүкенов мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бүгінгі таңда ұрлықтың барлық түрінің төрттен бір бөлігі пәтер ұрлығы болып отыр. Осыған байланысты құқық қорғау органдарына осы қол сұғушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар шара қабылдады.
Ұрлыққа қарсы іс-шаралар кешенін көздейтін мүлікті қорғау бойынша ІІМ ведомстволық бағдарламалары кезең-кезеңімен іске асырылуда, оның шеңберінде тұрғын үйлердің аулаларында 68 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған, ал 22 мыңнан астамы тұрғындардың бастамасымен жабдықталған. Күн сайын пәтер ұрлығын жасау әдісі, тәсілі, уақыты бойынша талдау жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша полицияның патрульдік нарядтарының қозғалыс бағыттары қарастырылады, – дейді жедел уәкіл.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер бойынша, енді бірнеше рет ұрлық жасау және үй-жайларға заңсыз кіріп ұрлық жасау қылмыстың ауыр түрлеріне жатады. Ұрлыққа барған жағдайда мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жергілікті атқарушы органдармен және сауда объектілерінің әкімшіліктерімен бірлесіп ұрланған мүлікті сатып алу және өткізу фактілеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Ұйымдастыру шаралары мен мақсатты жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам пәтер ұрысы, оның ішінде 100-ге жуық «гастролер» ұрылары, яғни әртүрлі қалаларда ұрлық жасайтын ұрылар және 175 қылмыстық топ ұсталды, – дейді ІІМ КПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әсет Жүкенов.
Тұрғын үйге кіру үшін ұрылар әртүрлі әдістерді қолданады. Мысалы, есіктерді сындырады, ашық терезелер, балкондар арқылы кіреді, пластикалық терезелерді ашып алады, құлыптардың кілттерін таңдайды және тағы басқа.