Түркістан облысында шомылуға тыйым салынған 111 жер бар. Жыл басынан бері аймақтың су айдындарында 52 төтенше жағдай тіркелген, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Кешегі оқиғаны есепке алмағанда, облыста 10 адам суға батып мерт болған.
Судағы оқыс жағдайлардың ел бойынша статистикасы көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 198 адам суға батып кеткен. Оның 57-сі бала. Төтенше жағдайлар барысында 190 адам құтқарылды. Олардың 64-і кәмелет жасына толмағандар.