Вторник, 26 ноября, 2024

«Жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенем»: Димаш Құдайберген Екібастұз халқының жағдайына алаңдаулы екенін айтты

Қараша айының соңында Екібастұзда жылу электр орталығындағы апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Танымал әнші Димаш Құдайберген Екібастұз тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұл оқиғаға жауапты адамдардың жазаға тартылатынына сенетінін Instagram парақшасында айтты, деп жазады Arda-ақпарат.

«Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғаным айтпасам да, түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді», — деп жазды Димаш.

Сонымен қатар әнші төтенше жағдайға кінәлілер жазасын алады деп сенім білдірді.

«Бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін…» — деді Димаш Құдайберген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған