Суббота, 27 апреля, 2024

ІІМ: Насыбай сатқандар қылмыстық жазаға тартылады

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы Руслан Қаржаспеков енді насыбай сатқандар Қылмыстық кодекс аясында жауапқа тартылатынын айтты.

«Бүгінгі таңда насыбай сату бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексте жауапкершілік қарастырылған (196-бап – «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау») және 25 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. Бұл шамамен 92 300 теңге. Сенатта Денсаулық сақтау министрлігі бастамашылық еткен заң жобасы қаралып жатыр, оның аясында насыбай мен вейптерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді және ол әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік ретінде есептелетін болады», — деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы.

ARDA-Aqparat

 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған